ЕО мен Бельгия Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін күш біріктірді

ЕО мен Бельгия Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін күш біріктірді
Фото: wam.ae

АСТАНА. KAZINFORM - Еурокомиссия мен Бельгия Брюссельден Иордания арқылы Газаға жаңа гуманитарлық көмек тасымалын ұйымдастырды.

Көмек Брюссельде орналасқан Human Smile қайырымдылық ұйымы жинаған 240 тонна тауардан тұрады. Оның ішінде гигиеналық заттар, матрацтар, жастықтар, сондай-ақ сәбилерге арналған құрғақ сүт және мұқтаж палестиналықтарға көмектің басқа түрлері бар.

Еуропалық комиссия жүктің жеткізілуін қамтамасыз етеді және көлік шығындарын өтейді. Жүк теңіз арқылы Иорданияға жеткізіліп, одан кейін Газаға жіберіледі.

«Мен Бельгия мен Брюссельдің бірлесіп құрылған бұл бастамасын құптаймын. Бұл Еуропалық Одақтың, ЕО-ға мүше мемлекеттердің және біздің гуманитарлық серіктестеріміздің адамдарға қалай көмектесетінінің тамаша үлгісі», - деді дағдарысты басқару жөніндегі комиссар Янез Ленарчич.

Оның айтуынша, мұндай драмалық дағдарысқа қарсы тұру үшін, Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін дұрыс шешім қабылдап, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу керек.

Соңғы жаңалықтар