ЕО Ресеймен, Беларусьпен және Украинамен шекаралас елдерін қолдауды күшейтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Еурокомиссияның вице-президенті Раффаэле Фитто Еуроодақтың шығыс шекаралас аймақтарына қатысты арнайы стратегиясын таныстырды. Бұл туралы DW хабарлады.
Құжат тоғыз елге қатысты: Эстония, Латвия, Литва, Финляндия, Польша, Словакия, Венгрия және Румыния. Онда Ресейдің Украинаға қарсы соғысының салдарын өтеу мақсатында миллиардтық несиелер бөлу қарастырылған.
Осы мақсатта EastInvest инвестициялық платформасы құрылады, ол зардап шеккен өңірлердегі кәсіпорындар мен жергілікті билік органдарының қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдетеді. Платформа 26 ақпанда жұмысын бастайды.
Еурокомиссияның мәліметінше, қолдау көрсетілетін өңірлер Украинадағы соғыс салдарынан туындаған халықтың көшіп кетуі, экономикалық өсімнің төмендеуі және инфляцияның күшеюі сияқты проблемалардан зардап шегіп отыр.
«Соғыс басталғалы бері бұрын қалыпты күнделікті өмірге, шекарааралық саудаға және туризмге арналған орындар қазір қауіпсіздік мақсатында, қос мақсаттағы қызметке, логистикаға, дрондар мен шұғыл қолдау көрсетуге пайдаланылып жатыр», деді Фитто.
Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ елдері Украинаға 90 миллиард еуро несие беретінін жаздық.