ЕО Таяу Шығыстан өз азаматтарын эвакуациялау үшін азаматтық қорғаныс механизмін іске қосты

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы бүгін Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Еврокомиссия намерена отстаивать интересы Евросоюза в связи с пошлинами США
Фото: freepik

Ол мүше мемлекеттерге аймақтан кеткісі келетін азаматтарын эвакуациялауға көмек көрсетілетінін атап өтті.

Азаматтық қорғаныс механизмі ЕО елдері мен қатысушы мемлекеттерге дағдарыс кезінде қолдау үйлестіруге мүмкіндік береді. Оның көмегімен ЕО бірлескен эвакуацияларды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және төтенше жағдайларда, соның ішінде қарулы қақтығыс аймақтарында жедел әрекет ету үшін ресурс бөлуді ұйымдастыра алады.

Кая Калластың мәлімдемесі аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты өсіп келе жатқан алаңдаушылықты және ЕО-ның шетелдегі өз азаматтарын қорғау үшін белсенді әрекет етуге бел байлағанын көрсетеді.

Бір күн бұрын Еуроодақ сыртқы істер министрлері кезектен тыс отырыста Тегеранның ядролық қаруға ие бола алмайтындығы және Брюссельдің Иран мен Израиль арасындағы шиеленісті азайтуға үлес қосуға дайын екендігі туралы келісті.

Бұған дейін Израильде 40 мыңға жуық шетелдік турист қалып қойғаны белгілі болған.

Соңғы жаңалықтар