Ер адам 30 жыл бойы тағам жеуден қорқып, консервімен ғана қоректеніп келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - 34 жастағы  ирландиялық Марк О'Коннор 30 жыл жаңа тағамның дәмін татып көруден қорқып, консервіленген макаронмен ғана қоректеніп келген. 
None
None

Бала кезінде  Маркке ота жасап, оны бірнеше ай түтікпен тамақтандырған. Содан бері Ратота тұрғыны спагетти мен чипсиден басқа ештеңе жемеген, деп хабарлады  Mirror.

О'Коннор омыртқа жарықшағымен туған. Төрт жасқа келгенде оған күрделі ота жасаған көрінеді. Содан бері, ирландық кәдімгі тағам жеуден жүрексіне бастаған.  

Ер адамның  айтуынша, ол өзін тамаша сезінеді. Қалай болғанда да ол  басқа тағамға деген қорқынышын таяуда ғана  жеңді. Оған әпкесі тапқан гипноздаушы көмектескен.

 «Ол менімен 20 минут жұмыс істеді: «Сен бала емессің, не қаласаң соны жеуің керек» деп айтты. Бұл жұмыс істеді! Үрей ғайып болды, деді Марк.

Соңғы жаңалықтар