Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабстанының сарапшылары екіжақты құжаттарды келісу бойынша келіссөздер өткізілді

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабстаны қаржы министрліктері мамандарының келіссөздері болып, оның барысында тараптар Табыстарға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтарудың алдын алу туралы конвенцияның түпкілікті жобасын келісті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы күндері Лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз алып жүру және олардың контрабандысына қарсы күрес салаларында екі ел үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын талқылау бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі делегациясының сапары болды.Көрсетілген кездесулердің қорытындылары бойынша тараптар Астанада ағымдағы жылдың мамырында жоспарланған Қазақстан-Сауд Арабстаны үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы барысында көрсетілген келісімді жасасу ниеті туралы хаттамаға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар