Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Ерасыл Қажыбаев Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі финалына шықты.

Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының финалына шықты
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Жарыста 100 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол енді финалда жапониялық Ота Хёгамен кездеседі. 

Сондай-бүгін 100 келіде Бекжан Байтас пен Марат Байқамұров қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды. 

Финал сағат 17:00-де басталады. 

Айта кетсек, қазірге дейін Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) пен Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, Аман Бақытжан және Мағжан Шамшадин, Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі) қолаға қол созды.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Соңғы жаңалықтар