Ербол Күмісқожаев Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болды

ҰЛЫТАУ. KAZINFORM - Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының жаңа басшысы ішкі саясат, қоғамдық коммуникациялар, мемлекеттік басқару және ұйымдастыру бағыттарында мол тәжірибесі бар.

ы
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Ербол Серікбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Халық шаруашылығы университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында жетекші маман қызметінен бастаған. Кейінгі жылдары бас маман және бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылы Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр RK» компаниясын басқарды. Аталған ұйымға 2017 жылға дейін жетекшілік етті.

2017–2021 жылдары Алматы қаласындағы «Amanat» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Философия, саясаттану және дінтану институтының ақпараттық-ұйымдастыру орталығын басқарды.

2023–2024 жылдары АҚШ-тағы Ohio University университетінде тағылымдамадан өтті.

2024–2025 жылдары Алматы облысы Алатау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру және мониторинг бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін, 2025 жылдан бастап Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Бұған дейін Ұлытау облысы басшылығы құрамында кадрлық өзгерістер болғаны хабарланған еді.