Ереванда «Армения мен Қазақстан: тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді
АНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Ереванда ҚР елшілігі армяндық «Еуропалық интеграция» ҮЕҰ бірлесе отырып, «Армения мен Қазақстан: тәуелсіздіктің 20 жылдығы.
Өткен жол мен болашаққа көзқарас» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Бұл шараға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Армения Парламентінің депутаттары, ғалымдар, саясатшылар мен сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде ҚР елшісі Айымдос Бозжігітов Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы мемлекеттік құрылысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Біздің елдің одан арғы дамуы туралы айтқанда, қазақстандық дипломат жиналған қауымға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі басымдықтарына тоқталып өтті.