Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ерке бала» және «Қыздар-ай» - Павлодардағы кіші сынып оқушыларына арналған байқаулар

ПАВЛОДАР. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда кіші сынып оқушыларына арналған «Ерке бала» және «Қыздар-ай» атты байқаулар басталады, деп хабарлады жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығынан.

«Ерке бала» және «Қыздар-ай» - Павлодардағы кіші сынып оқушыларына арналған байқаулар

Байқаудың бірінші - спорттық кезеңі қалалық Мәдениет саябағында өтеді, оған 20 мектеп командасы қатысуда. Онда спортта қабілеті және командалық рухы бар ұжымдар жеңіс табатын болады.

Келесі кезең - шығармашылық. Оған үздік әншілер, музыканттар мен бишілер қатысады. Ең үздік қатысушылар гала-концертте өнер көрсететін болады.

«Ерке бала» және «Қыздар-ай» байқауының жеңімпаздары командалар жинаған ұпайлар санымен анықталады.