Еркін күресші Д.Ниязбеков жартылай финалға шықты
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Дәулет Ниязбеков Лондон Олимпиадасында ширек финалдық белдесуін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.
Қызылорда облысы Жаңақорған қаласының тумасы Түркия палуаны Ахмет Пекерге қарсы күресте 3:1 ұпайымен жеңіске жетті.