Еркін күрестен републикалық турнир жеңімпаздары анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Жаңақорған ауданында білікті бапкер Серік Әбдірахмановты еске алуға арналған  2002-2004  жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің тоғыз облысынан  қатысқан 450-ге жуық спортшы  12 салмақ  дәрежесі бойынша белдесті.

Серік Әбдірахманов - Бірлік ауылының тумасы, Қазақ дене шынықтыру институтының 1980 жылғы түлегі. Өзі оқыған орта мектепте еркін күрес үйірмесіне жетекшілік етіп, ауыл балаларын спортқа баулыған. Осы ауылдан тоғыз спорт шеберін, оннан астам спорт шеберлігіне үміткерді дайындап шығарды.

Жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Алматы облысының құрамасы - бірінші, Алматы қаласының командасы - екінші, Қызылорда облысының спортшылары үшінші орынды еншіледі.

Турнир қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:
32 келі: Әліби Рахым (Алматы)

35 келі: Әкімбек Пулатов (Алматы)
38 келі: Санжар Мұхтар (Жамбыл)

42 келі: Райымбек Амантай (Алматы) 
46 келі: Нұрдәулет Төлепберген (Қызылорда)

50 келі: Жәнібек Иманжан (Алматы) 
54 келі:  Данияр Орынғали (Алматы)
58 келі: Орынбасар Қабыл (Қызылорда) 

63 келі: Абай Кеңесбай (Алматы)
69 келі: Абылайxан Даулетияр (Қызылорда) 

76 келі:  Мұхаммед Нұржаубаев (Ақтөбе)

85 келі: Ислам Тагиров (Жамбыл)

Соңғы жаңалықтар