Еркін күрес: Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ертең, 11 сәуірде жалауын көтеретін күрес түрлерінен Азия чемпионатындағы еркін күрестен қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды.

Бүгін 11-16 сәуір күндері аралығында Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Жарыстың бастапқы 2 күнінде еркін күрес бойынша балуандар 10 салмақта жүлдені сарапқа салады.
11 сәуір. Еркін күрес.
57 келі. Мейрамбек Қартбай – Жұманазаров (Өзбекстан) пен Матжанов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазы
65 келі. Санжар Мұхтар – Ассаф (Иордания)
70 келі. Мейіржан Әшіров – Хоммадов (Түркіменстан)
79 келі. Азамат Өміржанов – Енхбаяр (Моңғолия)
97 келі. Ризабек Айтмұхан – Аронов (Қырғызстан)
12 сәуір. Еркін күрес.
61 келі. Асыл Айтақын – Абурумай (Иордания)
74 келі. Талғат Сырбаз – Такахаши (Жапония)
86 келі. Азамат Дәулетбеков – Вази Хенг (Камбоджа) пен Вафаейпур (Иран) жұбының жеңімпазы
92 келі. Әділет Давлумбаев
125 келі. Абылай Совет– Шарипов (Бахрейн)
Ал 13-14 сәуір күндері әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері боз кілемге шығады.
Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 327 медаль еншілеген. Оның - 88-і алтын, 89-ы күміс, 150-і қола. Медаль саны жөнінен жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.
Азия чемпионатынан кейін 19-21 сәуірде Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болады. Оған еліміздің атынан 5 балуан қатыса алады.