Ерлан Нысанбаев пен Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өртті жою жұмыстарына 600-ге жуық адам, 148 жерүсті техникасы және ЭТРМ, ТЖМ, ҰҚК, ҚМ, ІІМ және ЖАО-ның 7 тікұшағы жұмылдырылған.
Әуеден сөндіру жұмыстары барысында 123 рет су төгу жүзеге асырылды, өрт ошағына 157 тонна су жеткізілді.
Өрт орнына Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов келді. Ведомство басшылары жұмылдырылған күштер мен құралдардың жұмысын үйлестіріп жатыр.
Жағдай Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің жеке бақылауында. Оқиға орнында барлық тартылған мемлекеттік қызмет жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта орман өртін толық жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Айта кетелік Семей орманындағы өрт 60 гектар аумақты шарпыды. Сонымен қатар «Семей орманы» резерватында өрт шыққан соң лагерьдегі 200-ге жуық бала эвакуацияланды. Премьер-министрдің тапсырмасымен екі министр «Семей орманына» аттанды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің авиациясы Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды.