Ерлан Сағадиев орыс тілі оқулығындағы Петрушевскаяның ертегілеріне тоқталды
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Енді орыс тілі оқулығы мен ондағы Петрушевскаяның ертегілеріне тоқталайын. Қазіргі таңда БАҚ бұл туралы көп жазуда. Біріншіден 9 айда сарапшылар мен мұғалімдерден, қызығушылық танытқан ата-аналардан 5 мың ұсыныс келіп түсті. Олардың тарабынан аталған ертегілерге қатысты ешқандай ұсыныс болған жоқ. Себебі, олар 2004 жылдан орыс тілі оқулығында жүр. Оқушы аталған оқулық бойынша 1,2 мыңнан астам тапсырмадан бар-жоғы 6 ғана тапсырма алады», - деді Сағадиев.
Сонымен қатар министр аталған оқулықтың ресейлік сарапшылар тарабынан өте жоғары баға алғанын баса айтты.
«Шындығында екі орыс тілінің болуы мүмкін емес. Оның бірінде біз сөйлейміз, балалар күнделік қолданады. Ал екіншісі - музей экспонаты сияқты. Біз Президенттің тапсырмасына сәйкес мазмұнын жаңартудамыз. Біз баланы барлығын, тіпті ол сөйлейтін тілде де ойлауға мәжбүрлейміз. Барлық уақытта да кейістік танытып жатамыз. Өткен жылы да солай болды. Бірақ біз 18 миллион адамды бір орнында тұрып қалуға жол бермейміз. Өкінішке орай мұндай жайт білім беру саласында орын алуда», - деді ол.