Ерлік сабақтары алыстағы ауданда да өткізілді

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына арналған шаралар БҚО-ның Шыңғырлау ауданында да кеңінен ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан орталығындағы №7 кәсіптік лицейде өткен ерлік сабағында ауған соғысы ардагерлері Бақытжан Баймұқашев, Валерий Николаев, Мұхтар Дәулетқалиев, Сансызбай Бадияқовтар майдан жолдары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ Бөрлі ауданы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы делегациясымен кездесу де болды. Ғарифолла Жүнісов бастаған бөрліліктер интернационалист-жауынгер қабіріне гүл шоқтарын қойып, митингіге қатысты. Мұнда да ауған ұрысына қатысқандар, соның ішінде ерлікпен қаза тапқан шыңғырлаулық Дидар Хамитов еске алынды.
Соңғы жаңалықтар