Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Ернұр Мырзахмет қоссайыс қорытындысы бойынша 304 (142+162) келіні еңсерді. Осылайша ол қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Мохамед Абдельради (Мысыр) иеленді — 318 (143+175) келі. Екінші орынға Абдулрауф Халифа (Ливия) жайғасты — 305 (137+168) келі.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылардың жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы күніндегі нәтижесі туралы жазғанбыз.