Ертең Елбасы Н. Назарбаев Мәскеуде ҰҚШҰ мерейтойлық саммитіне, ТМД басшыларының бейресми басқосуына қатысады - СІМ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 15 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуына 20 жыл және ҰҚШҰ-ның құрылуына 10 жыл толуына арналған.

Отырыс барысында президенттер 2002-2012 жылдар аралығындағы Ұйым қызметінің негізгі жұмысын қорытындылап, Ұйымның басымды бағыттардағы даму барысын айқындайды. Отырыста ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Декларациясы қабылданып, онда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздігіне қатысты мүмкін боларлық халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері мен Ұйым қызметінің өткен кезеңдегі ынтымақтастығына баға беріледі.

«Осы орайда, жиын барысында өзекті жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласында ұжымдық  шараларды одан әрі нығайту, оның ішінде қазіргі таңдағы қыр көрсетулер мен қауіптерге тойтарыс беру жөнінде пікір алмасу көзделген. Күн тәртібіне сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік кеңесімен «ҰҚШҰ Құрмет белгісін бекіту туралы» және «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуына 20 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасымен марапаттау туралы» шешімдері  қабылданады», - дейді А. Әбибуллаев.

Бұдан бөлек, Ресей тарапының ұсынысымен
15 мамырда Мәскеуде ТМД мемлекет басшыларының бейресми басқосуы өтеді. Басқосуға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

«Аталмыш іс-шара барысында Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құзыретіне кіретін мәселелерді талқылап, ТМД шеңберінде одан әрі қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықты және көпжақты ауқымда өзара іс-қимылдарды дамыту мәселелері, өңірлік  қауіпсіздікті бірлесе қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара қызығушылықты танытатын халықаралық проблемалар бойынша пайымды пікір алмасулар болады деп күтілуде. Сонымен қатар, бейресми Саммит аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД мемлекеттері басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланып отыр», - дейді А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар