18:59, 26 Шілде 2012 | GMT +5
Ертең Лондон Олимпиадасына орай СДШ агенттігінде ресми Баспасөз орталығы ашылады
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Ертең, 27 шілдеде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына орай баспасөз орталығының ресми ашылуы өтеді.

Аталмыш орталықтың қызметкерлері әлемдік дүбірлі додадағы қазақстандық спортшылардың нәтижелері туралы жедел ақпараттарды таратып отыратын болады.
Баспасөз орталығында ақпараттық хабарламалар, баспасөз баяндары мен фотосуреттер даярланып, шұғыл таратылып отырады. Материалдар күн сайын жаңартылатын болады. Бұдан бөлек, баспасөз орталығында Қазақстан олимпиадашыларымен, сондай-ақ Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қызметкерлерімен, спорт саласының жетекші мамандарымен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру да көзделеді.
Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан Республикасы атынан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына 116 спортшы қатысып (106 лицензия), спорттың 25 түрінен сарапқа салынатын медальдар үшін сайысқа түседі.