Ертең «Radisson SAS» қонақ үйінде Корпоративтік хатшылардың 2-ші қазақстандық форумы өтеді

Аталмыш форум - Корпоративтік хатшылар институтын корпоративтік басқару және дамыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері талқыланатын Қазақстандағы ең ауқымды диалагогтық алаңдардың бірі. Бұдан басқа, форум шеңберінде «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының Халықтық ІРО-ға шығуы барысындағы корпоративтік хатшылардың рөлін талқылау жоспарланып отыр.
Іс-шараға Дипломды хатшылар мен әкімшілер институты (Лондон) басқармасының төрағасы Саймон Осборн, Директорлар институты (Institute of Directors, IoD) Лондон, Ұлыбритания, Директорлар кеңесі дамыту тобының мүшесі Дэвид Бакл, «Северсталь» ашық акционерлік қоғамы Корпоративтік хатшысы және Ресей Федерациясы Корпоративтік хатшылар Ұлттық бірлестігінің төрағасы Олег Цветков, Орталық Азиядағы корпоративтік басқару жөніндегі кеңесші Ольга Колдасова және бірқатар танымал тұлғалар қатысады деп күтілуде.