Ертең республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады - Қазгидромет

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тұман түседі, жел күшейеді. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ертең республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады - Қазгидромет

Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлеріне тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерінде көктайғақ болады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі.