Ертең Шавкат Мирзиёев Астанаға келеді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 29 шілдеде жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шавкат Мирзиёев Астанада өтетін “Болашақ ойындары” халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.
29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін сайыста Өзбекстан спортшылары да бақ сынайды.
Бұған дейін “Болашақ ойындарына” 20 мың турист келетінін жазып едік.
Сонымен қатар “Болашақ ойындары” турнирінің жүлде қоры туралы материал жариялаған болатынбыз.