Ертең Шавкат Мирзиёев Астанаға келеді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев 21-22 сәуірде Астанаға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Ертең Шавкат Мирзиёев Астанаға келеді
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сапар аясында Шавкат Мирзиёев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Іс-шара барысында президенттер Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайту, аймақтағы өзекті экологиялық және су мәселелерін шешуге ерекше назар аударады.

Ертең Шавкат Мирзиёев Астанаға келеді
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжат қабылданады.

Бұған дейін су тапшылығынан болатын шығын Орталық Азия экономикасының 11%-на дейін жетуі ықтимал екенін жазып едік.

Сондай-ақ, таяуда Ауғанстан су ресурстарын басқару платформаларына шақырып жатқан ОА елдерінің ерік-жігерін ерекше бағалады.

Өзбекстандық сарапшылардың пайымынша, 2030 жылға қарай аймақ елдері ауыз су тапшылығын сезінуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар