Ертең Үкімет химия саласының даму мәселелерін талқылайды

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Үкімет ертең, яғни сейсенбі күні кезекті отырысында химия саласының даму мәселелерін қарастырады.
None
None

Бұл туралы бүгін брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Қазақстан Үкіметінде бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарланған. Нақтырақ айтар болсақ, ертең, 4 маусымда өтетін Үкімет отырысында елдің индустриялды-инновациялық дамуының химия саласындағы мәселелері талқыланады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, аталған мәселе бойынша вице-премьер - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар