Ержан Біржанов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды.
Осы уақытқа дейін ол бірінші вице-президент қызметін атқарды. Бұған дейінгі басшы Дәурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
— Федерация алдында маңызды және ауқымды міндеттер тұр. Ынтымағы жарасқан кәсіби ұжым айтарлықтай нәтижелерге жететініне сенімдімін. Министрлік өз кезегінде сындарлы өзара іс-қимылға және жан-жақты қолдауға дайын, - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Бұған дейін Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланған болатын.