Есеп комитеті мен USAID Қазақстанда кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасына тиімділік аудитін өткізеді

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Есеп комитеті және USAID-тың экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру жобасы желтоқсан айында Қазақстанда кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасына ілкі тиімділік аудитін өткізеді.
None
None

 Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың USAID жобасының кеңесшісі Вильям Рэдбернмен болған кездесуінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы О. Өксікбаев кездесу барысында аудитті USAID жобасының сарапшыларымен бірге өткізу денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағдарламаны іске асыруға қатысты тек сындарлы ұсыныстарды енгізуге ғана емес, сонымен қатар тиімділік бақылауын өткізудегі әдістер мен баптарды жетілдіруге де көмектесетінін атап өтті.  Ал Вильям Рэдберн ілкілік аудиттің тақырыбы тиімділік аудитінің бағыттарын таңдау өлшемдеріне (бюджеттік қаржыландырудың маңыздылығы мен көлемі және институционалдық мүмкіндіктері) толық сай келетіндігін, USAID-тың жобасы осы аудитті халықаралық стандарттар мен ең озық тәжирибеге сәйкес өткізуге жәрдемдесетінін айтады.

Кездесуде аталған тақырыптан басқа ілкі тиімділік аудитінің мақсаттары, міндеттері мен ауқымы талқыланды. Сонымен бірге, аудиторлық топ құрылып, аудит өткізудің мерзімдері айқындалды.

Есеп комитеті 2002 жылдан бері әр түрлі өзекті әлеуметтік-экономикалық тақырыптар бойынша тиімділік бақылауын өткізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар