Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ - Н.Назарбаев

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық телеарналарға берген сұхбатында мәлім етті.

Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ - Н.Назарбаев

«Сынға қарамастан Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ қалыптасады және біздің пайдамызға жұмыс істейтін болады. Қазақстан үшін бұл ыңғайлы. Ешкім ешқандай Кеңес одағын қайта құрайын деп жатқан жоқ. Оған қайтып айналғысы келгендер шынайы жағдайды түсінбейді, өйткені ол мүмкін емес. Қайта айналу нүктесінен әлдеқашан өтіп кеттік», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Еуразиялық экономикалық одақ жайында тоқталған Елбасы барша адамда күдік көп екендігін айтып, оны сейілтіп те тастады. 

«Үш мемлекет шешім қабылдайды. Егер бір ел қарсы болса - шешім қабылданбайды. Яғни, әркімнің мүддесі толық сақталған. Саяси егемендікке ешқандай қолсұғушылық жоқ. Иә, экономикалық мәселелердің бір бөлігін біз құрылған ұлтүстілік экономикалық органға береміз. Бірақ біз барлық үш мемлекеттен де егемендікке ие боламыз, яғни, Ресей мен Беларусь мәселелерін шешуге атсалысамыз. Дәл сол сияқты Беларусь Қазақстан мен Ресей мәселелерін шешуге атсалысады. Ресейге қатысты да дәл сол принцип. Демек, кеден мәселелеріне қатысты экономикалық мәселелердің бір бөлігін бере отырып, біз халқы 170 миллион адамды құрайтын зор кеңістіктегі ортақ егемендікке ие боламыз», - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Қазіргі уақытта аталмыш жоба әлемнің өзге мемлекеттерін де қызықтырып отыр. Елбасының айтуынша, Еуропалық одақтың өзі ықпалдасуға мүдделілік танытқандай.

«Мен, мәселен, қазір Еуропалық Одақта Кеден одағымен келісім жасасу керек деген дауыстар шығып жатыр дегенді естимін. Вьетнам Кеден одағымен әріптестікке өтініш берді. Жақында мен белгілі ағылшын саясаткерінің сөйлеген сөзін оқыдым, ол Еуропалық Одаққа Кеден одағымен ынтымақтастықта болуды бастайтын кез келді дейді», - деп түйді Н.Назарбаев.