Ескі газ баллондардың мәселесі шешілмей тұр — Төтенше жағдайлар министрі

АСТАНА. KAZINFORM –Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі ескірген газ баллондардың мәселесі шешімін әлі таппағанын айтты.

газ баллон
Фото: Энергетика министрлігі

— Былтыр ескірген тұрмыстық газ баллондарын пайдалану мен оларды таңбалау мәселесін көтерген болатынмын. Қазір екі қалада (Щучинск және Степногорск) газ баллондарды таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Алайда, елдегі газ баллондары өндіру және тозығы жеткендерін жою мәселелері шешілмеген күйде қалып отыр, — деді министр.

Айта кету керек, газ баллондардың қолданылуын бақылау Энергетика министрлігінің, өндіру мәселесі Өнеркәсіп және Ұлттық экономика министрліктерінің құзырына берілген.

— Осыған орай әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары газ тұтыну жүйелері мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды күшейту керек, — деді Шығыс Әрінов.

Айта кету керек, Үкіметтің бүгінгі отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары пысықталып жатыр

Соңғы жаңалықтар