Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды

АСТАНА. KAZINFORM – 870 млн текше метр су жинайтын Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды.

Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.

Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

– Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Айта кетейік, ШҚО-да ірі су нысаны 30 жылдан кейін алғаш рет қайта жаңартылып жатыр.

Әрбір азамат су айдындарын демалу, серуендеу, шомылу немесе әуесқой балық аулау үшін еркін пайдалана алады. Бұл — оның ортақ су пайдалану құқығы және ол әр адамға туғаннан беріледі.

Соңғы жаңалықтар