Эсмигүл Куюлова мен Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының дзюдошылары Эсмигүл Куюлова мен Әділет Алмат Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. 

Эсмигүл Куюлова мен Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ё Джи Кимді жеңді. Финалға шығу үшін ол Солтүстік Кореядан келген Джи Хье Киммен кездеседі. 

81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат ширек финалда Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Абылайхан Жұбаназарды жеңіп кетті. Оның келесі қарсыласы кейін анықталады. 

Сонымен қатар жұбаныш белдесулеріне 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова және 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қатысады. Бұл кезеңде спортшылар медаль алу үшін сынға түседі. 

Осыған дейін Азия чемпионатында екі дзюдошымыз мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алғанын хабарлаған едік.