Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры Қырғызстанның салымымен толыға түседі

БІШКЕК. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғызстанның ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорына енетіні туралы бүгін қырғыз астанасында ЕурАзЭҚ елдері қаржы министрлерінің кездесуі қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының Қаржы министрі Марат Сұлтанов мәлімдеді,

ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры Қырғызстанның салымымен толыға түседі
деп хабарлайды ҚазАқпарат. М.Сұлтанов мәлімдегендей, Ресейдің бастамасы бойынша құрылған дағдарысқа қарсы қорда 10 млрд. доллар көлемінде қаржы болуы тиіс. Ресей тарапының салымы 8 млрд.долларды құрамақ. Қаржы министрінің айтуынша, қордың қаржысы дағдарыс кезінде экономикасы әлсіз елдерге көмек ретінде жұмсалады.М.Сұлтановтың айтуынша, ЕурАзЭҚ-қа Қырғызстанның салымы 1 млн. АҚШ долларын құрайды, келешекте бұл сома өсуі де мүмкін.