Еуразия аумағында қауіпсіздіктің бірыңғай кеңістігін құру керек - Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы

«ЕҚЫҰ құжаттарында Еуразиялық қоғамдастық қауіпсіздігі аясы мен принциптері нақты анықталған. Бұл кезеңде бүкіл Еуразияда қауіпсіздіктің бірыңғай кеңістігін құру міндеті қойылмайды. Бірақ мұндай мүмкіндікті есептен шығаруға болмайды. Жаһандану үрдісі екпінді дамып келе жатқан ғасырымызда көптеген өңірлік және жергілікті мәселелер халықаралық сипат алуда. Оны қанша қуатты ел болса да, жалғыз өзі шеше алмайды», - дейді Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудна. Оның айтуынша, есірткі тасымалы соның нақты айғағы бола алады. Болашақта қауіпсіздікте әскери емес трансұлттық қауіп айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Ұйымдасқан қылмыс жаңа технологияларды қолданып жаңа салаларды қамтуда. Киберқылмыс, контрафактілі тауарлар мен адам саудасы өзара әрекеттестік пен ұлттық және аймақтық деңгейде жедел шешім қабылдауды қажет етуде.