Еуразия даму банкі Полоцк ГЭС-нің құрылысына 99,8 миллион доллардың несиесін беретін болды

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі (ЕДБ) Беларус Республикасындағы Полоцк ГЭС-нің құрылысына 10 жыл мерзімге 99,8 миллион доллар мөлшерінде несие беретін болды. Бұған дейін өткен сәрсенбі күні Минскіде ЕДБ мен "Витебскэнерго" республикалық унитарлық кәсіпорны арасында келісімге қол қойылған болатын.

Еуразия даму банкі  Полоцк ГЭС-нің құрылысына  99,8 миллион доллардың несиесін беретін болды

Энергетиткалық жобада Батыс Даина өзенінде қуаты 21,75 МВт болатын гидроэлектрстансы құрылысы қарастырылған. Ондағы электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты 112 млн. кВт/с құрайды. ЕДБ-дің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, несиеге Беларус Республикасы мемлекеттік кепілдеме беріп отыр. Жобаны елдегі электр энергиясының 40 пайызға жуығын өндіретін "Витебсэнерго" кәсіпорны жүзеге асырмақ. Бас мердігер - «ВО «Технопромэкспорт» ААҚ-ы.