Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны 3,444 млрд долларға жетті

АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі таңда Еуразия даму банкінде 48 жоба жүзеге асырылудың алдында тұр.

Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны 3,444 млрд долларға жетті

Бұл жайлы халықаралық қаржы институты Кеңесінің кеше Мәскеуде өткен мәжілісінде мәлім болды. Инвестициялық қоржын 11 айдың қорытындысы бойынша 866 миллион долларға ұлғайып, 3,444 миллиард долларға жеткен. Басқарма есебіне қарағанда, ағымдағы жылы халықаралық қаржы институты қаржыландыру бойынша өзінің жобалық қуатына қол жеткізіп отыр. Онда Кеңес мүшелері Еуразия даму банкінің 2011-2013 жылдарға арналған стратегиясының жаңа редакциясын қабылдады. 2012 жылғы бюджетті және Техникалық әрекеттестік қоры бағдарламасы бойынша жоспарды бекітті. Сондай-ақ Техникалық әріптестік қорының ережесіне өзгерістер енгізіп, банктің Ықпалдастықты зерттеу орталығының 2012 жылы бағдарламаларын қабылдады.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәжіліс Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчактың төрағалығымен өткізілді. Оған Кеңес мүшелерінен - Қазақстан мен Армения Республикаларының Қаржы министрлері Болат Жәмішев пен Ваче Габриелян, Беларус Премьер-министрінің орынбасары Сергей Румас, Тәжікстанның Инвестиция және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының 1-орынбасары Амонджон Эшонкулов қатысқан.