«Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары белгілі болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Еуразия» фестивалі мәресіне жетті. Оған әлемнің барлық түкпірінен актерлер, режиссерлер мен продюсерлер қатысты.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Фестивальдің әрбір күні қызықты іс-шараларға толы болды. Күнделікті байқауға қатысқан фильмдердің көрсетілімдері, кейбір картиналар үлкен экранда алғаш рет көрсетілді.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ал, көрермендер туынды авторларымен кездесіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Биыл фестиваль бағдарламасына 30-ға жуық фильм еніп, оның 22-сі екі негізгі байқауға іріктеліп алынды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

15 елдің кинематографистерін жинаған халықаралық фестиваль Орталық Азия мен Түркі әлемі елдеріне арналды. Қазылар алқасының шешімімен екі фильм фестивальдің бас жүлдесін алды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Жеңімпаз фильмдер тек жүлдеге қол жеткізіп қана қойған жоқ. Олардың терең эмоционалды және көркемдік бірегейлігі арқылы көзге түскен фильмдері кәсіби мамандардың пікір алмасуына арқау болды. Осылайша, кино өнерінің адамдарды біріктіріп, өткір мәселелерді көтере алатындығы тағы да дәлелденді.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Орталық Азия және Түркі әлемі елдері байқауының ең үздік фильм аталымында «Ақ тырналар билейтін жерде» (Саха Республикасы, Ресей) фильмі жеңіске жетті. Бейнешілік пен көркем поэзияға толы бұл картина салт-дәстүрді сақтай отыра қазіргі заманның сынақтарында төтеп беруге шақырады.

Определились победители XVII Международного кинофестиваля «Евразия»
Фото: Александр Павский/Kazinform

Екінші Гран-при Поляк режиссері Гжегож Дебовскийдің «Жоқтың қасы» фильміне бұйырды. Бұл минималистік шығарма жалғыздық пен еркіндік арасындағы нәзік шекараны зерттеп, көрермендерді өмірдің мәні туралы ойлануға итермелейді.

«Жұмысымыздың үздік деп танылғанына қатты таң қалдым және өте қуаныштымын. Қазір эмоциямды сөзбен жеткізе алмай тұрмын. Фестивальде көптеген жақсы және қызықты фильмдер мен талантты режиссерлер болғанын білемін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Біз бұл фильмді небәрі 17 күнде түсірдік. Бұл бюджеттік фильм және біз деректі фильм әдістерін қолдандық, актерлермен сол адамдар тұратын нақты жерлерде түсірдік. Менің ойымша, дәл осы тәсіл фильмді ерекше етті», — дейді режиссер Гжегож Дебовский.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сонымен қатар, үздік актерлер мен режиссерлер анықталды. Сонымен, Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің байқауында кімдер жеңімпаз атанды:

— Ең үздік әйел рөлі үшін «Ғашықтар тауы» фильміне түскен актриса Эльза Каримова марапатталды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Қырғызстандық «Шекарадағы мәміле» фильмінде басты рөлді сомдаған Абылай Марат ең үздік ер адам рөлі үшін марапатталды.

— Қазылар алқасының арнайы сыйлығы режиссер Мурат Фиратоглу түсірген «Хемме өлетін күннің бірінде» фильміне берілді. Картина әлеуметтік әділетсіздік, төзімділік және бостандық үшін күрес туралы сұрақтарды көтереді. Қазылар алқасы режиссердің шиеленіс сәттерін және әсерлі атмосфераны шеберлікпен көрсете алғанын ерекше атап өтті.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Шәрипа Оразбаеваның «Тұл» фильмін қазылар алқасы ерекше аталым бойынша марапаттады.

— Орталық Азия мен түркі әлемі елдері арасындағы байқауда үздік режиссура марапатына ие болған «Жоқтау» фильмі дәстүрлі аза тұту рәсімі арқылы дүниеден озған адамның кейпін мәңгі есте сақтаудың терең мағынасын аша алды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Халықаралық байқауда ең үздік әйел рөлі үшін Флорентина Хольциенгер (Аустрия, «Ай» фильмі) марапатталды. Сондай-ақ, Артур Пачесный «Жоқтың қасы» фильміндегі шиеленісті керемет көрсете алғаны үшін жүлдегер атанды. Асиф Исламның (Бангладеш) «Нирвана» фильмі визуалды бейнелерді жаңаша қолдану және олардың философиялық астары үшін қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды. Оңтүстік Кореялық режиссер О Чжон Мин «Жыл маусымдары үйі» фильмі үшін үздік режиссура аталымы бойынша марапатқа ие болды. Туындының күрделі құрылымы және философиялық ой тереңдігі көрермендерді таңғалдырды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Сондай-ақ, жабылу салтанатында арнайы сыйлықтар табыс етілді:

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

— NETPAC қазылар алқасының сыйлығы режиссер Махди Флейфельдің «Белгісіз елге» туындысына берілді.

— Халықаралық байқау қазылар алқасының төрағасы Нури Бильге Джейлан «Әлемдік кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін» марапатына ие болды. Сондай-ақ, әйгілі қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов «Қазақ кинематографына қосқан ерекше үлесі үшін» арнайы сыйлығының иегері атанды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Фестиваль шын мәнінде Қазақстан киносының жетістіктерін таныту алаңына айналды.

кинофестиваль
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ауқымды шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастырды.

Еске салайық, XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі демеушілер есебінен өтті.

Соңғы жаңалықтар