«Еуразия» сақтандыру компаниясының жоғары деңгейдегі рейтингі расталды

АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразия» сақтандыру компаниясының ұзақмерзімдік несие рейтингі мен қаржылық тұрақтылық рейтингін «ВВ» деңгейінде (болжам - «Тұрақты») растады.
None
None

«Еуразияның» рейтингі ұлттық баған бойынша «kzA» деңгейінде де расталып отыр. Бүгінгі таңда бұл еліміздегі жеке меншік қаржы институттары арасындағы ең жоғары рейтинг болып табылады. Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бүгінде «Еуразия» СК Қазақстанда екі бірдей халықаралық рейтинг агенттігінің жоғары рейтингіне ие болған жалғыз сақтандыру компаниясы болып табылады. Оған ақпан айында A.M. Best халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның несие рейтингін «bbb» деңгейінен «bbb+» деңгейіне көтеріп, қаржылық тұрақтылық рейтингін «B++» деңгейінде растады. Қос рейтингтің де болжамы - «Тұрақты». A.M. Best рейтингі ТМД мемлекеттеріндегі сақтандыру және қайта сақтандырумен айналысатын компанияларының арасында ең жоғары рейтинг болып саналады.

«Біз 16 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан интеллектуалдық еңбек саласында қазақстандық брендтің табысқа жете алатынына өзіміздің, клиенттеріміз бен серіктестеріміздің ғана емес, халықаралық қоғамдастықтың көзін жеткіздік. Біз осыған қуанамыз», - дейді «Еуразия» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Борис Уманов. Standard & Poor's агенттігі сарапшыларының пікірінше, «Еуразия» СК-ның рейтингтері компанияның операциялық көрсеткіштерінің жоғарылығын, инвестициялық қоржынының сапасын, тәуекелді басқару жүйесінің тиімді және дұрыс жұмыс істейтінін, сондай-ақ елдің макроэкономикалық келешегінің жақсарып, экономиканың тұрақтана бастағанын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар