Еуразия ұлттық университетінде халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеуге болады - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеуге болады.
None
None
Бүгін осы оқу орнында басталған Университеттердің еуразиялық ассоциациясының XI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еуропада Эразмус мундус бағдарламасы бар. Соған сәйкес білім алып жүрген студенттер бір елден екінші елге емін-еркін өтіп, өз білімдерін ұштай алады. Біз осы бағдарламаның нұсқасын әзірлеп, Еуразиялық кеңістікке арналған бағдарлама жасай аламыз. Оған Лев Гумилевтің атын беруге болады. Бүгінде ТМД елдеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында Еуразиялық кафедраларды құрудың уақыты жетті. Оған қажетті көмекті Еуразия ұлттық университеті көрсете алады», - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы атап көрсеткендей, бүгінде жастарға нақты және тұрақты білім беру жүйесін қалыптастыру қажет. «Сонымен қатар, бүгінде жоғары оқу орындарында ТМД халықтарының тілдері бойынша арнайы пәндерді ашу керек», - деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар