Еуразия ұлттық университетінің сайты 9 тілде шығады - ректор Б.Әбдірайым
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биыл жаңа оқу жылының басынан бастап Еуразия ұлттық университетінің сайты 9 тілде шығатын болады. Бұл туралы бүгін осы жоғары оқу орнының ректоры Бақытжан Әбдірайым мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінде университет сайты үш тілде жұмыс істеуде. Келесі аптадан бастап оған түрік және қытай тіліндегі нұсқасы қосылады. «Ал жаңа оқу жылының басынан бастап Еуразия ұлттық университетінің сайты тағы араб, француз, неміс және испан тілдерімен толығып, жалпы алғанда, 9 тілде шығатын болады», - дейді Б.Әбдірайым.