Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану кеңесінің алтыншы отырысы өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда Евразиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ) атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану кеңесінің алтыншы отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс кеңестің төрағасын сайлаудан басталды. Бұған дейін кеңес төрағасы болып келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Николай Спасскийді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Тимур Жантекин ауыстырды. Бұнымен қатар ЕурАзЭҚ -тың «Уран өндіруші ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің аумағын қайта құнарландыру» мақсатты бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ арнайы жұмыс тобы ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің радиоактивті ошақтарды бақылау, есепке алу саласындағы заңдарының үйлесімділігі туралы баяндады. Атом саласында мамандар дайындау мәселесі де сөз болып, атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану саласында мамандар дайындау бойынша арнайы сарапшылар тобын құру мақұлданды. Бұнымен қатар қауымдастыққа мүше елдердің ядролық медицина мамандарының қауымдастығын құру шешімі қабылданды.

Соңғы жаңалықтар