Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуы - дәуірлік оқиға - ҰҒКО басшысы Ю.Пя

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуы - дәуірлік оқиға. Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың басқарма төрағасы Юрий Пя шартқа қол қойылғанннан кейін ЕАЭК мүше-мемлекеттері басшыларының Тәуелсіздік Сарайында жұртшылық өкілдерімен кездесуі барысында осындай пікірін білдірді.
None
None

«Еуропалық елдерді, Солтүстік Американы, немесе азиялық елдерді алайық, бәрі де ықпалдасуда. Қазір уақыт бұрынғыдан да шапшаң өтіп жатыр. Ілгерілеу шапшаңдай түсіп, біз елде өзіміз жасау үшін жаңа технологиялардың жалынан ұстауымыз қажет, - әрине, бұл біз үшін дәуірлік кезең», - деді Ю.Пя.

Соңғы жаңалықтар