Еуразиялық кеңістік елдері болашақ экономиканың сәулетін әзірлеуде

- Бәрімізге белгілісі Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірген 3 ел бар. Келешекте мүше-мемлекеттердің қатар көбейетіні сөзсіз. Сонымен қатар, біздің құрамда және іргемізде Еуразиялық кеңістік пен Орта Азиялық елдердегі заманауи экономиканың келбетін анықтайтын ірі көрші елдер де бар. Олар - Ресей, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Міне, бұл елдердің барлығы да Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы аясында болашақ экономиканың сәулетін әзірлеуде. Бүгінде КО пен ЕЭО елдері арасында және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың міндеті айқындала бастады. Осы ретте сәттілік интеграциясы үдерісінде сәттілік біздің тарапқа серік болады деп сенемін, - деді Анатолий Иванович.
- Ал енді бүгінгі басқосуда талқыланып жатқан тақырып туралы айтар болсақ, біздің ел КО мүше-мемлекеттермен мүдделес. Беларусь кәсіпкерлерінің Ресей мен Қазақстан нарығындағы мемлекеттік сатып алу ісіне қатысуы зор мүмкіндік деп бағалаймын. Сондықтан да тараптардың мемлекеттік органдары арасында осы күндері қызу талқылаулар жүргізіліп, терең әріптестік орнап жатқаны рас. Ендігі жерде біз байланыс желілерін жүйелеуді біріздендіруіміз керек. мұндай қадам тараптар арасындағы байланысу мүмкіндігін арттырумен қатар, дәстүрлі сыбайластықтың тамырына балта шабады деп ойлаймын. Сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді жедел жеткізудің де бірден бір тетігі осы байланыс желілерінде жатыр, - дейді Беларусь Республикасының біздің елдегі Төтенше және өкілетті елшісі.
Айта кетейік, «Электронды сатып алу саудасының әділдігі мен мөлдірлігін қамтамасыз ету: еуразиялық интеграция тәжірибесі мен дамуы» тақырыбында халықаралық конференция Еуразия экономикалық комиссиясы ұйымының мұрындық болып, Қаржы министрлігі мен Электронды сауда алаңы қауымдастығының қолдауымен өтуде. Шараға Кедендік Одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуразиялық экономикалық комиссия, СЕФАКТ ООН (БҰҰ ЕЭК комитеті жанындағы үкіметаралық көмекші орган), ЕБРР (Қайтақұрылымдау мен дамудың Еуропалық банкі), (Азиялық даму банкі мен Корея мен Вьетнам елдерінің мемлекеттік сатып алу агенттіктерінің өкілдері мен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та қатысқан болатын.