Еуразиялық қор биржасы федерациясының 17-ші Бас ассамблеясында қазақстандық компания мүше боп қабылданды
АЛМАТЫ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Еуразиялық қор биржасы федерациясының (FEAS) 17-Бас ассамблеясы 3 күнге созылған өз жұмысын аяқтады. FEAS пен Ыстамбұл қор биржасының президенті Хусейн Эрканның айтуынша, бұл жиында федерация құрамы тағы бір қазақстандық компаниямен толықты. Онда «Еуразия сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ы мүше боп қабылданды.
Еуразиялық қор биржасы федерациясы 1995 жылы 16-мамырда 12 мүше-құрылтайшы құрған болатын. Қазіргі таңда оның құрамына 34 мүше мен клирингтік, есептік ұйым мен дилерлік қауымдастық кіретін 13 аффилирленген мүше және бір аймақтық федерация кіреді. Оған Қазақстан қор биржасы 1997 жылдан мүше. FEAS-тың кезекті Бас ассамблеясын Алматыда өткізу туралы шешім 2010 жылы Ыстамбұлда болған 16-Бас ассамблеяда қабылданған болатын. Онда Қазақстан қоры биржасы FEAS Атқару комитетінің құрамына кірді.