Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еуразиялық сауда жүйесі астық фьючерсінің ашылғанын жариялады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Бүгін  Алматыда «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ өзінің жаңа мерзімдік сауда-саттық секциясының тұсаукесерін өткізді,

Еуразиялық сауда жүйесі астық фьючерсінің ашылғанын жариялады

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мерзімдік сауда-саттық секциясының алғашқы құралы 3-ші және 4-ші сыныптық бидай жеткізудің фьючерстік келісім-шарттары болмақ. Бұл елдің астық  нарығына қатысушыларға бидай бағасын белгілеп, бағалардың  ауытқуынан сақтануға, ал мемлекеттік институттарға нарықты реттеу үшін дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Құрмет Оразаевтың айтуынша, онда мерзімдік секцияның тиімді жұмыс жасауы үшін клирингтік орталық, техникалық база және нарыққа қатысушыларға кепілдеме беретін тәуекелдер жүйесі құрылды. Сауда үрдісі биржада интернет арқылы электрондық форматта online жүйесі арқылы жүріп отырады және республиканың барлық аймақтарын қамтиды. Бұл үшін   елдің түрлі өңіріндегі кез келген қатысушысының өз ауданындағы брокермен келісімге отырып, интернеттен сауда-саттықтың барысын бақылап отырғаны жеткілікті. Жалпы мерзімдік нарықты қалыптастыру Еуразиялық сауда жүйесі қызметінің стратегиялық басты бағыты болып табылады.