Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еуразиялық топ Олимпиаданы ақпараттық сүйемелдеуге демеушілік етті

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Қазақстандық олимпиадашылардың дәстүрлі серіктесі биыл да командаға қолдау көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз орталығы хабарлады.

Еуразиялық топ Олимпиаданы ақпараттық сүйемелдеуге демеушілік етті

Еуразиялық топтың (ERG)демеушілікке бөлген қаражаты есебінен биыл Бразилияда өтетін XXXI Жазғы Олимпиада Ойындарына отандық спортшылардың қатысуын ақпараттық сүйемелдеу мен қазақстандық баспасөз орталығының жұмысы ұйымдастырылады.

ERG ұзақ жылдар бойы қазақстандық спорт пен отандық спортшыларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық атлеттерге дөмеуші болды. Одан бөлек, Еуразиялық Топ кәсіпорындары өздері орналасқан аймақтардағы спорт кешендерінің қалыпты жұмыс істеуіне, өңірлерде жаңа спорт нысандарының салынуына септесіп келеді. Мәселен, «Қарағанды Арена» Мұз сарайы мен  Қарағандыдағы теннис орталығы Еуразиялық Топтың қаражатына бой көтерді.

Қостанай облысының Қашар кентінде спорт-сауықтыру кешені, ал Ақсу қаласында жабық хоккей корты салынды. Павлодар қаласында «Баянтау» спорт Сарайы салынып, Октябрьский кентінде спортзал мен шағын футбол алаңы ашылды. Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы Байтуған, Майоровка, Изенда, Щербаковское, Шұбаркөл кенттерінде көпсалалы спорт корттары салынды.

Еуразиялық топтың еншілес кәсіпорындары өздері қызмет ететін өңірлерде дене тәрбиесі мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөледі. Компания Павлодар облысында футболды дамытуға жыл сайын қомақты қаражат қарастырып келеді. Ол командалардың түрлі турнирлер мен біріншіліктерге қатысуына, чемпионаттар мен оқу жаттығу жиындарын өткізуге жұмсалады. Ақтөбе және Павлодар облыстарының волейбол ұжымдарына, Қостанай өңіріндегі хоккей ұжымдарына компанияның қамқорлығы ерекше.

Eurasian Resources Group (ERG)  кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады.

Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2014 жылы Eurasian Resources Group 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.

Бүгінде ERG феррохром өндіру жөнінен және темір кенін жеткізуші әлемдік деңгейдегі ірі компанияға айналды. Еуразиялық Топ сондай-ақ, дүние жүзіндегі алюминий шикізатын өндіруші компаниялардың ондығына кіреді және мыс пен кобальтты жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG  Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG  Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Казхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір» және «ТрансКом» Көліктік тобы. Қазақстандағы ERG кәсіпорындарында 61 мың адам жұмыс істейді.

Конго Демократиялық Республикасында ERG  Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC  Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Сонымен қатар, компанияның  Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.

Бразилияда ERG жылына 20 млн тонна өнім беретін темір кен өндірісі  Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда.