«Еуразиялық және азиялық медиа форум - 2011» халықаралық ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қосады - РФ Президенті

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Еуразиялық және азиялық медиа форум-2011» халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қосады.
None
None

Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің елордада ашылған форумға қатысушыларға жолдаған құттықтауында айтылған.

Аталған құттықтауды РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Малинин оқып берді.

«Сіздердің форумдарыңыздың бастамалары тәжірибеде талап етіліп, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына зор үлес қосады деп санаймын», - деп атап өткен Ресей Президенті қазіргі уақытта коммуникациялар мен жаңа технологиялардың қарқынды дамып отырған жағдайында бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы айтарлықтай ұлғайғандығын баса айтқан.

«Журналист қызметі жеделдігінің маңыздылығы барған сайын ұлғайып келеді. БАҚ үшін ең басты критерий ақпараттың дәлдігі мен шынайылығы болғандығы маңызды. Әрине, қазіргі заманғы журналистер өз жұмыстарында түрлі халықтардың дәстүрлеріне қатысты төзімділік пен құрмет ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, кең ой-өріске ие болуы керек», - дейді Д.Медведев.

Айта кетейік, екі күнге созылатын аталған халықаралық форумға елімізден және шет мемлекеттерден 300-ге жуық журналистер, блоггерлер, сарапшылар қатысуда. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқыламақ. Форумның арнайы қонағы ретінде танымал кинорежиссер Никита Михалков шақырылған.

Соңғы жаңалықтар