EURO 2024: Бүгін Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі

футбол
Фото: kff.kz

Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі, деп хабарлайды Kazinform

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.

Қазақстан-Сан-Марино кездесуі елорда уақытымен 21.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сан-Марино — әлемдегі әлсіз құрамалардың бірі.

Құрлықтық доданың биылғы іріктеу сатысында алты ойында да қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Салдарынан өз тобында соңғы орында тұр.

Ел құрамасы 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісіне 19 ұпайдан жазылған.

Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар.

Қазақстандық футболшылар құрлықтық дода іріктеу сатысындағы алғашқы ойында Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебімен жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар