EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Мальтамен тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші ойынын Мальтаға қарсы өткізді.

қыздар футбол
Фото: kff.kz

Екі құрама тоқсан минут бойы бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Қарсыластар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңіндегі алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар Латвиядан 1:3, Косоводан 1:2 есебімен ұтылып қалды

Нәтижесінде қазақстандық футболшылар бір ұпаймен өз тобында төртінші орынды місе тұтты.
Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысуға ммүмкіндік алады.

Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния мен Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар