EURО-2025: Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңіне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

Іріктеу кезеңі Португалияның Порту қаласында 27-30 наурыз аралығында өтеді. Рикардо Кака шәкірттері іріктеудің негізгі кезеңінде Франция, Португалия және Беларусьпен шеберлік байқасады.
Алдымен 27 наурызда Франциямен ойнаса, одан кейін 28 наурызда Португалия, 30 наурызда Беларусьпен ойнайды.
Құрлықтық дода финалдық кезеңіне топ жеңімпазы ғана шығады.
Қақпашылар: Әскер Наурызбаев («Байтерек»), Артур Галиханов («Аят»);
Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Алязиз Камалов, Әлихан Хасен, Сайфулла Коспанов (барлығы — «Ақтөбе»), Әлімжан Сейіттнұр («Жетісу»), Нұрмұхамед Исмайылов, Заур Гайдаржи (екеуі — «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлмерек Тілеуберген («Қайрат»), Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей).
Еске салсақ, бұдан бұрын «Семей» футзалдан 2025 жылғы Қазақстан кубогы иегері атанды.