EURО-2025: Қазақстандық жастар өз тобында үшінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.

EURО-2025: Қазақстандық жастар өз тобында үшінші орын алды
Фото: ҚФФ

Үшінші кездесуінде қазақстандық ойыншылар Беларусьпен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында ел құрамасынан Әлихан Хасен мен Әлмерек Тілеуберген гол соқса, оған беларусьтік футзалшылар бір голмен жауап қайырды.

Осылайша қазақстандық жастар қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінде үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Франция мен Португалиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Құрлықтық дода қазақстандық жастар төмендегі құрамда ойын көрсетті.

Қақпашылар: Әскер Наурызбаев («Байтерек»), Артур Галиханов («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Алязиз Камалов, Әлихан Хасен, Сайфулла Коспанов (барлығы — «Ақтөбе»), Әлімжан Сейіттнұр («Жетісу»), Нұрмұхамед Исмайылов, Заур Гайдаржи (екеуі — «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлмерек Тілеуберген («Қайрат»), Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей).

Соңғы жаңалықтар