EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Армениямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Албанияға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады.
Кездесу елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.
Ел құрамасы бұдан кейін 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 7 наурызда Қазақстан футзалшылары өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Албаниядан 2:0 есебімен басым түсті.
Ал Армения өз алаңында Данияны 4:3 есебімен қапы қалдырды.