«Еурохим» Еуроодақта корпоративтік әлеуметтік саясатының таныстырылымын өткізді

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - «Еурохим» компаниясы Кедайняй қаласында (Литва) «Лифос» АҚ базасында еуропалық әлеуметтік және экологиялық ұйымдардың қатысуымен коропративтік әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік есмептігі жөнінде дөңгелек үстел өткізді,
None
None

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Мүдделі тараптармен диалог «Еурохимнің» Еуропалық одақ аумағындағы кәсіпорнында алғаш рет ұйымдастырып отыр. Осылайша компания өз қызметініңғ жаһандвық орнықты даму ұстанымдарына, еуропалық экологиялық және әлеуметтік стандарттарға сәйкестігін қуаттады.

Халықаралық форматта өткен дөңгелек үстел жұмысына «Еурохим» және «Лифос» компанияларының, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағы басшылары, Литва энергетика агенттігінің, БҰҰның Литвадағы Даму бағдарламасының сарапшылары және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

«Еурохим» әлеуметтік саясаттың халықаралық стандарттарға сәйкестігі жөніндегі мүдделі тараптардың жоғары бағасына ие болды. 

Айта кететін жайт, ірі ресейлік инвестор Қаратау қаласында қуаты жылына 2 млн. тонна болатын фосфор минералдық тыңайтқыштарын шығаратын зауыт құрылысын салуды жоспарлап отыр. Онда 4 мың жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

«Еурохим» - еуропалық үштікке және әлемдік көшбасшылардың ондығына кіретін Ресейдегі ірі минералдық тыңайтқыштар шығаратын компания.

Соңғы жаңалықтар